19:55, 13 Қаңтар 2015 | GMT +5
«Астана Арланс» клубының бұрынғы боксшысы допинг қабылдағаны үшін бокстан шеттетілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана Арланс» кәсіби бокс клубының бұрынғы мүшесі Алмат Серімов допинг қабылдағаны үшін екі жылға бокстан шеттетілді, - деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы.
Қазақстанның Ұлттық допингке қарсы орталығының Тәртіптік кеңесінің шешіміне сәйкес және Дүниежүзілік бокс сериясының допингке қарсы нормаларын бұзуына байланысты Алмат Серімов ұлттық, өңірлік, құрылықтық, халықаралық жарыстарға қатысу құқығынан айырыла отырып, екі жылға бокстан шеттетілді», - делінген таратылған хабарламада.
Алмат пен «Астана Арланс» кәсіби бокс клубы арасындағы еңбек шарты 2014 жылғы 27 желтоқсанда бұзылғаны атап өтілді.