«Astana Arlans» пен «British Lionhearts» кездесуін қайдан көруге болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) жартылай финалында өтетін «Astana Arlans» пен «British Lionhearts» боксшыларының жекпе-жегін «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

«Astana Arlans» пен «British Lionhearts» кездесуін қайдан көруге болады

Телеарнаның ресми сайтында мәлім етілгендей, Ұлыбританияда өтетін жекпе-жек 17 мамыр күні сағат 01.00-де «Хабар» арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) қазіргі чемпиондары - қазақстандық «Astana Arlans» клубының спортшылары топтық кезеңде 15 ұпай жинап, бірінші орынға ие болды. Олар «Patriot Boxing Team» (Ресей) командасымен тең түсіп, «China Dragons» (Қытай) және «Indian Tigers» (Үндістан) командаларын айқын жеңген болатын.