«Astana Arlans» «Puerto-Rico Hurricanes» командасымен кездеспес бұрын бір ұпай еншіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Puerto-Rico Hurricanes» бокс командасы Астанаға келіп жетті. Алайда команда құрамында 64 келі салмақта боксшысы жоқ. Осыған байланысты аталған салмақтағы қазақстандық былғары қолғап шебері Самат Башеновтің еншісіне бір ұпай жазылды. Ол Янкарлос Ривьерамен жекпе-жекке шығуы тиіс болған.

«Astana Arlans» «Puerto-Rico Hurricanes» командасымен кездеспес бұрын бір ұпай еншіледі

24 наурыз күні пуэрторикалықтар Петропавл қаласына барады, осы қалада 26 наурыз күні 17:00-де «Astana Arlans» VS «Puerto-Rico Hurricanes» кездесуі өтеді, деп хабарлайды sports.kz.