Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Astana Arlans» ресейлік «Patriot Boxing Team» командасынан ойсырай жеңілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Astana Arlans» Санкт-Петербургте өткен Бүкіләлемдік бокс сериясы маусымының үшінші матчтық кездесуінде  ресейлік «Patriot Boxing Team» командасынан 0:5 есебімен жеңілді, деп жазады Sports.kz.

«Astana Arlans» ресейлік «Patriot Boxing Team» командасынан ойсырай жеңілді

Сәкен Бибосынов (52 кг) Виктор Гунченкодан осал тартты - 1:2 (47:48, 47:48, 49:46), Серік Теміржановты (60 кг) Абубакар Айдамиров сәл ғана басымдықпен ұтты - 1:2 (47:48, 49:46, 47:48), Бекзод Халметов Павел Сосулинге лайықты қарсылық таныта алмады - 0:3 (45:50, 47:48, 46:49), Шаймұрат Құсайыновты Павел Силягин айқын басымдықпен жеңді - 0:3 (45:50, 46:49, 44:50), Шигабутдин Алиевпен айқасқан Нұрсұлтан Аманжолов (+91) тең жағдайда бола тұрып, жеңісті қолдан шығарып алды.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын қазақстандық клуб«Patriot Boxing Team» командасын (5:0) және «Indian Tigers»-ті  (4:1) есебімен жеңген болатын.

 24 наурызда «Astana Arlans» үндістандық командамен кездеседі.