13:58, 01 Маусым 2014 | GMT +5
Astana Arlans спортшылары балаларға арнап «чемпиондық жаттығулар» өткізді - ВИДЕО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Astana Arlans клубының үміт артқан жас спортшылары Арай саябағында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған шарада балаларға арналған «чемпиондық жаттығулар» өткізді.
«Астана» президенттік клубының өкілдері - Astana Arlans клубының боксшылары мен футболшылардың қатысуымен өткен «чемпиондық жаттығуға» әр түрлі жастағы 50-ге жуық бала қатысты. Бұл шара балаларды нәтижеге қол жеткізу үшін дене жаттығуларымен күнделікті айналысып отыруға шақырады», - дейді FourЭ Кids фестивалінің Астанадағы менеджері Зарина Мастикбаева.
Оның сөзіне қарағанда, фестиваль аясында балалар демалып қана қоймай, сонымен қатар күнделікті өмірге қажетті білімдерін де жетілдіре алады.
FourЭ Кids фестивалінде 30 қол өнер шеберінің жұмыстары қойылған. 10-нан астам елордалық орталықтар балаларға арнап шеберлік сабақтарын өткізуде.