Astana Arlans украиналық атамандарды жеңіп, Дүниежүзілік бокс сериясының чемпиондары болды

АСТАНА. 12 мамыр. ҚазАқпарат - Елордада "Астана Арландары" (Astana Arlans) мен "Украина атамандары" (Ukraine Otamans) командалары арасында Дүниежүзілік бокс сериясының ақтық кездесулері өтті.

Astana Arlans украиналық атамандарды жеңіп, Дүниежүзілік бокс сериясының чемпиондары болды

Дүниежүзілік бокс сериясының (ДБС) финалында өткен он кездесудің нәтижесі бойынша қазақстандық және украиналық командалар арасындағы есеп 5:5 болды. ДБС-тың ережесі бойынша, чемпиондық атақ тағдыры қосымша айқаста шешілді.

54 келіге дейінгі салмақтық дәрежеде қазақстандық команданың өкілі Бағдат Әлімбеков «атамандардың» молдавиялық легионері Александр Рышканға бірде-бір мүмкіндік қалдырмады.

Төрешілердің бірауыздан шешімімен Б.Әлімбеков жеңімпаз, ал Astana Arlans ДБС-тың чемпиондары атанды.

Дүниежүзілік бокс сериясы. Үшінші маусым. Финал. Астана, Қазақстан.

Astana Arlans (Қазақстан) - Ukraine Otamans (Украина) - 6:5.