22:48, 27 Сәуір 2013 | GMT +5
«Astana Arlans» WSB-де жеңіске жеткен жағдайда 500 мың АҚШ долларын алады
АСТАНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат - «Astana Arlans»-тың бас директоры Болат Манкенов Дүниежүзілік бокс сериясындағы жеңіс үшін сыйақының көлемі туралы айтып берді.

«WSB-дегі командалық жеңіс үшін АІВА-ның сыйақысы 500 мың АҚШ долларын құрайды», - деп мәлім етті команданың жетекшісі. Бұл туралы «Sports.kz» хабарлады.
Еске салайық, WSB-дің финалы 10 және 11 мамыр күндері Астанада «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өтеді.