«Astana Arlans» WSB маусымын аяқтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - WSB маусымының жартылай финалында «Астана арландары» командасының С2 салмақ дәрежесіндегі боксшылары «British Lionhearts» боксшыларына жол берді, есеп -1:4, деп жазады Sports.kz.
None
None

Азамат Исақұлов (52 кг) Корюн Согомоняннан ұтылып қалды - 0:3 (47:48, 47:48, 47:48), Зәкір Сафиуллин (60 кг) де Люк Маккормэктен айласын асыра алмады - 0:3 (46:49, 46:49, 46:49), Асланбек Шымбергенов (69 кг) Джощуа Келлиді тізе бүктірді - 2:1 (47:48, 50:45, 50:45), Нұрдәулет Жарманов (81 кг) Радослав Димитров Панталеевтен жеңілді - 0:3 (47:48, 47:48, 47:48), Қамшыбек Қоңқабаев (+91 кг) Фрэйзер Кларкке есесін жіберіп алды - 0:2 (46:49, 47:47, 47:48).

Осылайща, екі күннің қорытындысы бойынша 7:3 есебімен британ бокшсылары жеңіске жетті.
Енді финалда «British Lionhearts» «Cuba Domadores» боксшыларымен жұдырықтасатын болады.

Соңғы жаңалықтар