«Astana Arlans» WSB маусымында 11-ші жеңісіне жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Майамидегі Бүкіләлемдік бокс сериясындағы кездесуінде қазақстандық «Astana Arlans» командасы америкалық «USA Knockouts» спортшыларын - 5:0 есебімен жеңді, деп хабарлады Sports.kz.
None
None

Теміртас Жүсіпов (49 кг) Джошуа Франкодан басым түсті. Есеп - 2:1 (47:48, 48:47, 48:47). Мейірболат Тойытов (56 кг) Франциско Мартинесті - 3:0 (49:46, 49:46, 49:46), Самат Башенов (64 кг) Тайрек Ирбиді - 2:1 (49:46, 46:49, 48:47), Мейірім Нұрсұлтанов (75 кг) Кэлвин Хендерсонды - 3:0 (49:46, 48:47, 49:46) жеңді. Василий Левит те кездесуде үздік атанды (91 кг) - 3:0 (49:46, 49:46, 49:45).

11 сәуірде «Astana Arlans» «Puerto Rico Hurricanes» командасымен бәсекелеседі.

Соңғы жаңалықтар