«Astana Arlans» және «Baku Fires» боксшылары матч алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Astana Arlans» және «Baku Fires» командаларының боксшылары 4 наурызда Әзербайжан астанасында өтетін матч алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Бұл туралы қазақстандық клубтың ВКонтакте желісіндегі ресми парақшасынан хабарланды.
Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) чемпионаты аясындағы матчтағы жұптардың құрамы:
52 кг: Сәттібаев Олжас - Ибиев Магомед
60 кг: Сафиуллин Зәкір - Маммадов Насраддин
69 кг: Шымбергенов Асланбек - Абдуллаев Тамерлан
81 кг: Жарманов Нұрдәулет - Дахалицев Михаил
+91 кг: Бекзатов Нұржан - Махмудов Арслан
Еске сала кетейік, WSB-дің екі дүркін чемпиондары VI маусымда әзербайжандық команданы 4:1 есебімен жеңіп, маусымды сәтті бастаған. Ташкентте өткен екінші кезеңде «Арландар» осындай есеппен «Uzbek Tigers» құрамасынан жеңілді.