11:37, 03 Қазан 2012 | GMT +5
«Астана Арланстың» үшінші маусымдағы кездесулері телеарнадан көрсетілмеуі мүмкін
АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан көрермендері «Астана Арланстың» үшінші маусымдағы кездесулерін көрмеуі мүмкін. «Аламан» агенттігінің мәліметінше, бұған АИБА-ның трансляцияны қымбаттатуы себеп болуда.

Хабар телеарнасы спорт бағдарламаларының продюсері Асхат Жақаевтың айтуынша, бір кездесуді көрсету құқығы 50 000 АҚШ долларын құрайды екен. Ал «Астана Арланс» топтық кезеңнің өзінде он кездесу өткізбек. «Бұл дегеніңіз жарты миллион доллар. Бұндай соманы төлеу телеарналар үшін оңай емес», - дейді ол.