Astana Art Fest-2016 фестивалі халықтың көңілінен шықты - Ә.Нұрпейісов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы елорда күніне орай екінші рет өткізілген Astana Art Fest-2016 фестивалі халықтың көңілінен шықты. Бұл пікірді бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының басшысы Әнуар Нұрпейісов білдірді.
None
None

«Биыл  4-6 шілде аралығында заманауи өнер, сәулет, дизайн, өнеркәсіптік дизайн, музыка және театр өнерлерін біріктіретін  Astana Art Fest-2016 фестивалі өтті. Бұл жоба толығымен Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Ағымдағы жылғы фестиваль тақырыбы «Адам энергиясы» деп аталды. Яғни, біздің суретшілеріміз, сәулетшілеріміз осы тақырыпқа орай өздерінің туындыларын көрсетті», - деді ол.

Орталық басшысының атап өтуінше, ағымдағы жылдың қаңтар айында фестивальдің ұйымдастыру комитеті үлкен сайыс жариялаған. Оған орай еліміздің суретшілері мен сәулетшілеріне өз жұмыстарын ұсынуға 2 ай уақыт берілген.

«Биыл 300-ден астам жұмыс келіп түсті. Олардың тек 40-тан астамы ғана «Нұржол» желекжолы аумағында көрсетілді. Осы жылғы фестиваль өте жақсы өтті деп айтуға болады. Ең бастысы, халықтың көңілінен шыққанына сенімдіміз»,-  деді Ә.Нұрпейісов.

Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылы Astana Art Fest фестиваліне 44 қазақстандық, 10 шетелдік шығармашылық  өкілдері қатысты. Үш күнде оны 300 мыңдай адам тамашалады.

Соңғы жаңалықтар