22:03, 04 Сәуір 2015 | GMT +5
«Астана аруы - 2015» сұлулық байқауының жеңімпазы анықталды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада «Астана аруы - 2015» мүмкіндігі шектеулі қыздар арасындағы сұлулық байқауы аяқталды. Төрешілер үміткерлер арасынан Астананың ең сұлу аруын таңдады. Атап айтқанда, байқаудың бас жүлдесі Сәуле Айдархановаға бұйырды. Ал байқаудың екінші вице-миссі атағы Алиева Севдаға бұйырса, Анжелика Сергеева бірінші вице-мисс атанды.

«Біз осы байқаудың арқасында көптеген дос, құрбы таптық. Сондықтан байқаудың басқа қатысушыларына өз армандарына қол жеткізу жолында алға қадам басуларына тілектеспін», - деді «ДОС» тәуелсіз өмір» орталығының, байқау төрешілерінің төрайымы Дина Ерділдинова.
«ДОС» тәуелсіз өмір» орталығы ұйымдастырған байқауға «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі ақпараттық демеушілік жасады. Сонымен қатар Қайролла Әбішевтің сән студиясы, Ольга Крюкованың дизайн және сән мектебі, Қазақстан әйелдерінің республикалық кеңесі де байқауға қолдау көрсетті.
Айта кетерлігі, «Астана аруы» байқауы алдағы уақытта жыл сайын тұрақты түрде өткізілмек.