Астана аспанын торлаған түтін мәселесі кешенді шешімді қажет етеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық экономика министрінің орынбасары Серік Жұманғарин Астанадағы түтін мәселесін шешу жөнінде өз көзқарасын білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Егер әкімдік әзір болса, «түнгі тарифті» енгізіп, оны қалалық бюджет есебінен қаржыландыра алады. Бірақ өз басым «түнгі тариф» пен экология арасында қандай да бір байланыс бар екеніне күмәнмен қараймын. Бұл үйлерде қандай отын пайдаланылатынына байланысты мәселе болуы мүмкін», - дейді Серік Жұманғарин.
Оның айтуынша, электр энергиясы көмірдің орнын толығымен баса алмайды.
«Көмір кез келген электр энергиясынан қашанда арзан. Үйді жылыту үшін қанша электр энергиясы қажет екенін өздеріңіз жақсы білесіздер», - дейді вице-министр.
Ол, бұдан тыс экология мәселесі кешенді шешімді қажет ететінін айтты.
«Сондықтан да бұл мәселені кешенді түрде шешу қажет дегенмен, жалпы Астананы газбен қамту мәселесімен келісемін. Қазір Астанаға газ тарту қажет пе деген сұрақ емес, оны қаржыландыру мәселесі өз шешімін күтіп тұр», - деді Серік Жұманғарин.