Астана атауы Президент Жарлығымен өзгереді - Әділет министрі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астана атауы Президент Жарлығымен өзгереді. Бұл туралы ҚР Әділет министрі Қанат Мусин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астана атауы Президент Жарлығымен өзгереді - Әділет министрі

Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін БАҚ өкілдері министрден астана атауын өзгерту процедурасының ретін сұрады.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Конституцияда астана атауын өзгерту Президенттің Жарлығы арқылы жүзеге асырылады», - деп жауап берді Қанат Мусин.

Сонымен қатар ол алдағы уақытта елорда атауының өзгеру мүмкіндігіне қатысты да пікірін білдірді.

«Астана атауы ешқашан өзгертілмейтін нормаға жатпайды. Өзгеруі мүмкін», - деді ол.

Айта кетейік, елорда атауын өзгерту тәртібі қалай жүргізілетіні туралы бұған дейін жазған болатынбыз.