Астана атауын қайтару үшін қосымша қаражат қажет болмайды – Қаржы министрлігі

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік органдар бюджеті департаментінің директоры Светлана Кучерова елордаға Астана атауын қайтаруға қатысты қосымша шығындар болмайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елорданың атауын өзгерту бойынша тоқталсақ, орталық мемлекеттік органдарда ғимарат маңдайшасындағы жазулар ауыстырылады. Бұл жұмыстар жыл сайын ғимараттарды күтіп ұстауға бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылады. Сонымен қатар, бланкі өнімдерін өзгерту қажет болады. Атап айтқанда, мемлекеттік органдарда электрондық құжат айналым бар екенін ескерсек, бланкілерді басып шығаруға қомақты қаражат керек болмайды», - деді департемент басшысы.

Оның айтуынша, бұл шығындарды бұған дейін қарастырылған қаражат сомасында іске асыруға болады.

«Елорда атауы жазылған нормативтік-құқықтық құжаттарға өзгеріс енгізу қосымша шығындарды қажет етпейді», - деді Светлана Кучерова.

Бұдан бұрын хабарланғандай, депутаттардың елордаға Астана атауын қайтару туралы ұсынысы Мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді.


Соңғы жаңалықтар