«Астана» - «Атлетико» ойынына 17 мың билет сатылды

Әзірге билеттер тек онлайн-режимде сатылып жүргенін атап өту керек. Билетті сатып алу үшін ұялы телефон, планшет немесе компьютерді пайдалану жеткілікті. «Билеттерді сатып алу» түймешесін www.ticketon.kz, www.sports.kz, www.vesti.kz сайттарынан тауып алуға болады.
Билеттерді онлайн-режим арқылы сатып алып, жанкүйер бірегей QR-коды бар электрондық билет алады. Кейіннен бұл код бойынша үш сату орнының (Мега-орталық, «Қазақстан» СК, Конгресс-Холл) бірінен Чемпиондар лигасының ойынына билетті бастырып шығаруға болады.
Ойынның басталуы - сағат 21:00-де. Қала әкімдігі жанкүйерлердің автобустармен жеткізілуін қамтамасыз етеді. Ойын аяқталған соң, осы автобустар адамдарды қалаға апарады.
Астана уақытымен сағат 18:00-де автобустар жанкүйерлерді келесі мекенжайларда күтетін болады:
1. «Қазақстан» СК.
2. Мұнайтпасов атындағы стадион.
3. «Нұр-Астана» мешіті.
4. Салтанат сарайы.