Астана әуежайы аумағында жол жөндеу жұмыстары басталды

АСТАНА. KAZINFORM — 21 мамырдан бастап елорда әуежайының вокзал маңы мен кіреберіс жолында жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Аэропорт Астана әуежайы
Фото: Әділет Беремқұлов/ Kazinform

Жөндеу аясында асфальт жабыны жаңартылып, бірқатар учаскеде уақытша шектеу енгізіледі.

Осыған байланысты әуежай аумағындағы көлік қозғалысының сызбасы уақытша өзгеруі мүмкін. Сондай-ақ қоғамдық көлік пен такси бағыты да өзгереді.

Әуежай әкімшілігі жолаушылардан сапарларын алдын ала жоспарлап, әуежайға ертерек келуді ескертеді.

— Уақытша қолайсыздықтарға түсіністік танытқандарыңыз үшін рақмет, — делінген хабарламада.

Айта кетелік Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкіметте өткен брифингте Астананың екінші әуежайын салуға қай аудан қарастырылып жатқанын айтқан еді