Астана әуежайы не үшін уақытша жабылды

АСТАНА. KAZINFORM – Елорда әуежайынан барлық рейс уақытша тоқтатылып, әуежай екі сағатқа жабылды. Төтенше жағдайға қатысты қала әуежайының баспасөз қызметі түсініктеме берді. 

астана
Фото: Астана әуежайы

«Жергілікті уақыт сағат 16:00-де Swissair әуе компаниясының Токиодан Цюрихке 777-300ER (ротаның борттық нөмірі HBJNI) ұшқан SVR161 рейсі Астана әуежайына шұғыл қонды. Экипаж 50 жастағы жолаушының инсульт алуы күмәндануына байланысты қонуға шешім қабылдаған. Сағат 16:00-де ұшақ сәтті қонғаннан кейін, ұшу-қону жолындағы бұрылыс кезінде экипаж қателігінен ұшақ жолақтан сырғып кетті. Осыған байланысты сағат 16:03-те апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін дабылды ескерту жарияланды», - делінген хабарламада.

жолдан шықты
Фото: Астана әуежайы

Ақпаратта айтылғандай, төтенше жағдайдан соң елорда әуежайы екі сағатқа жабылып, рейстер уақытша тоқтатылған. 

«Осыған орай әуе рейстерінің кешігуі күтіледі. Жолаушылардан болған келеңсіз жағдай үшін кешірім сұраймыз және кідірістерді азайту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Жағдай біздің бақылауда, тың ақпарат болса бөлісеміз», - деп толықтырды әуежайдың баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар