Астана әуежайында 18 рейс кешіктіріліп жатыр

Международный аэропорт Астаны
Фото: Астана халықаралық әуежайы

АСТАНА. KAZINFORM - Астана халықаралық әуежайындағы өрт ауыздықталды, әзірге 18 рейс кешіктіріліп жатыр. 

«27 ақпан сағат 07:50–де Астана халықаралық әуежайының коммутациялық жүйесінен өрт шыққаны туралы хабарлама келді. 08:24–те өрт толықтай ауыздықталды. Өрт сөндіру кезінде қою түтіннің пайда болуына байланысты әуежай терминалындағы барлық жолаушы қауіпсіз жерге эвакуацияланды», — деп жазылған Астана халықаралық әуежайының хабарламасында.

Өртті сөндіруге 20 техника, 3 арнайы техника және 58 адам жұмылдырылды.

Астана халықаралық әуежайы ұшып келетін рейстерді қабылдауды тоқтатқан жоқ.

табло
Фото: Kazinform

Алайда ұшатын 18 рейс кешіктіріліп жатыр:

  1. КС205 Астана — Дубай
  2. DV702 Астана — Шымкент
  3. КС 952 Астана — Алматы
  4. IQ389 Астана — Жезқазған
  5. КС 7052 Астана — Алматы
  6. DV783 Астана — Өскемен
  7. КС 313 Астана — Ақтау
  8. ТК 357 Астана — Ыстамбұл
  9. DV 747 Астана — Павлодар
  10.  КС7341 Астана — Қостанай
  11.  DV821 Астана — Пулково
  12.  КС 852 Астана — Алматы
  13.  КС7315 Астана — Қызылорда
  14.  Lo196 Астана — Варшава
  15.  IQ367 Астана — Қостанай
  16.  DV716 Астана — Шымкент
  17.  IQ437 Астана — Петропавл
  18.  КС345 Астана — Өскемен.

«Кешіктірілген рейстердің нақты ұшу уақыты белгісіз. Жағдай тұрақталғаннан соң рейстер қалыпқа келтіріледі. Қолайсыздық үшін жолаушыларымыздан кешірім сұраймыз. Жолаушыларға Астана халықаралық әуежайының әкімшілігі су мен сусын ұсынуда. Алдағы уақытта әкімшілік жолаушыларды жеңіл тағаммен қамтамасыз етеді», — деп хабарлайды едордалық әуежайдың баспасөз қызметі.

Осыған дейін Астана халықаралық әуежайынан өрт шығып, адамдар эвакуацияланғанын хабарладық.

Соңғы жаңалықтар