Астана әуежайында 30-ға жуық шетел валютасын айырбастайтын пункт ашылды

АСТАНА. KAZINFORM – Астана халықаралық әуежайында 30-ға жуық шетел валютасын айырбастау қызметінің кең спектрін ұсынатын жаңа «E-Cash» валюта айырбастау пункті ашылды. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады.

Астана
Фото: Видеодан кадр/Әуежайдың баспасөз қызметі

«Пункт ішкі ұшу терминалында (T2) орналасқан. Біз жолаушыларымызға ыңғайлы жағдай жасау үшін қызметтердің кең таңдауын ұсынуға тырысамыз. «E-Cash» валюта айырбастау пункті – әуежайдың жолаушыларға сапалы қызмет ұсыну үшін жасаған тағы бір қадамы», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар