Астана әуежайының жанында үлкен қонақүй салынбақ
АСТАНА. KAZINFORM — Елордадағы қолданыстағы әуежайдың маңында қонақүй салынады. Бұл туралы BIZDIÑ ORTA подкастында «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы Бекен Сейдахметов мәлім етті.
- Қыс кезінде рейстер кешіккен кезде жолаушыларға жағдай жасау маңызды. Қаланың орталығындағы қонақүйлерге орналастыруға біраз уақыт кетеді. Сондықтан әуежай жанында үлкен қонақүйдің салынуы өте маңызды. Қазір бизнеспен пысықтап, жер телімін айқындап, 1-2 жылда үлкен қонақүйді тұрғызу жоспарымыз бар, - деді Бекен Сейдахметов.
Айта кетейік, Астанада жаңа әуежайдың құрылысы келесі жылы басталады.
Қала әкімдігі тарапынан қажетті дайындық жұмыстары іске асып жатыр.