Астана әуежайы кіреберістегі тексеруді уақытша тоқтатты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың халықаралық әуежайы кіреберістегі тексеруді уақытша тоқтатты. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне әуежайдың маркетинг бөлімінің жетекшісі Людмила Копейчук хабарлады.
«Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің шешімімен әуежайдың кіреберісіндегі тексеру уақытша тоқтатылды. Сканер-құрылғылар жойылды», - деп хабарлады Л.Копейчук.
Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың қарашасында Парижде болған терактілерден кейін елорданың әуежайы қауіпсіздік жүйесін күшейткен болатын. Сондықтан, жолаушылар да, қарсы алушылар да, яғни, әуежайға кіріп-шыққан кез келген адам ұзын кезек күтіп, тексеруден өтетін.