Астана әуежайы шілдеде жөндеуден өтеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астананың халықаралық әуежайының ұшу-қону жолақтары жөнделеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат әуежайға сілтеме жасап.
​​«Әуежайдың ұшу-қону жолақтары 2023 жылғы 15 шілдеден 8 тамызға дейін жоспарланған. Бұл уақыт құрылыс кезеңінің неғұрлым қолайлы жағдайларына байланысты. Жөндеу жекелеген учаскелерде асфальтбетон жабынының жоғарғы қабатын ауыстыру жолымен жүргізілетін болады, сондай-ақ ұшуды қамтамасыз ету бойынша жарық сигнал беру жабдығын жөндеу жоспарлануда», делінген хабарламада.

Айта кетсек, жөндеу жұмыстары қолайлы уақытқа таңдалады. Өткен жылдардағы талдауға сәйкес, жауын-шашынның минималды түсуі және асфальтбетон зауыттарының үздіксіз жұмысы жөндеу жұмыстарын аталған кезеңге белгілеуге мүмкіндік береді.


Соңғы жаңалықтар