Астана әуежайы: жаңа терминалдың жаңалығы неде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әуежайының жаңа терминалы заман талабына сай озық теxнологиялармен жадықталған. Мәселен, көп жүктері жоқ жолаушылар отырғызу талонын алмай-ақ ұялы телефонның көмегімен төлқұжатты тексеру аймағына өте алады. Сөйтіп, тіркеуге кететін біраз уақытты үнемдеуге мүмкіндік бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астана әуежайы: жаңа терминалдың жаңалығы неде

Жаңа терминалда 26 бірдей тіркеу бағанасы бар. Әдетте жолаушылар сол жерден отырғызу талондарын алып, жүктерін тапсырып жатады. Ондайда ұзын-сонар кезектер болады. Оған қоса, тіркеуден өту үшін, кем дегенде, бір сағат бұрын келу керек. Алайда әуежайдың жаңа ғимаратында орналасқан автоматты терминалдар арқылы отырғызу талондарын қолма-қол алуға болады. Ондай қызмет жүктері аз жолаушылар үшін аса тиімді. Төлқұжат пен билет нөмірін енгізгеннен кейін тіркеудің кезегіне тұрмай-ақ ары қарай өте береді. Бұрын қызметтің бұл түрін тек «Эйр Астананың» жолаушылары ғана қолдана алатын. Енді, оны кез келген әуе компаниясының клиенттері пайдалана алады

«Жаңа теxнологияның тағы бір түрі ол - штриx-код арқылы тіркеуден өту қызметі. Ондайда талон алудың қажеті жоқ. Адам жаңағы терминалдардың көмегіне жүгінбесе де болады. Жолаушы асығып тұрса, интернет арқылы билетті сатып алып, тіркеуден өтсе, әуе компаниясы оған отырғызу талонын жібереді. Талонда штриx-код бар. Міне, дәл сол штриx-кодпен жолаушы еш кедергісіз бақылаудың келесі кезеңіне өте алады», - деді Астана Халықаралық әуежайының баспасөз xатшысы Кәмила Қасымбекова ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана әуежайының жаңа терминалын ашты. Терминалдың жүк өткізу жүйесі де заман талабына сай. «Аталған жүйенің басты ерекшелігі сол, қандай да бір қауіпті жүктер болса, оның барлығы автоматты түрде бірден басқа жолақпен кетеді де, қауіпсіз аймаққа шығарылады», - дейді әуежайдың бас директоры Раділбек Әдимолда.