10:41, 27 Мамыр 2009 | GMT +5
Астана әуежайына апатты жағдайда шетелдік «Боинг» ұшағы қонды
АСТАНА. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат - Бүгін таңғы сағат 05.04-те Астана қаласының халықаралық әуежайына «Боинг 757-200» ұшағы апатты жағдайда қонды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Дерек көздің хабарлауынша, ұшақтың апатты жағдайда қонуына «Түмен-Ташкент» бағытындағы №692 рейспен бара жатқан ұшақ салоны герметизациясының жойылуы себеп болған. Ұшақ бортында экипаждың 13 мүшесі мен 94 жолаушы болған. Зардап шеккендер жоқ.