Астана әуежайынан халықаралық іздеуде жүрген алаяқ ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше Астана халықаралық әуежайында «Астана-Мәскеу» бағытындағы рейске отырғызу алдындағы төлқұжат тексеру кезінде Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері өзге құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлесіп, іздеуде жүрген 65 жастағы Түркия азаматын ұстады.

Астана әуежайынан халықаралық іздеуде жүрген алаяқ ұсталды

Бұл туралы Көліктегі ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Тексеру барысында аталған Түркия азаматының алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздестіруде жүргендігі анықталды.

Қазіргі уақытта ұсталған шетелдік азамат Түркия еліне экстрадициялауға дейін Астана қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.