Астана әуежайында адамдардың мазасын алған такси жүргізуші бір тәулікке тұтқындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының халықаралық әуежайында елорда тұрғыны такси қызметін ұсынып, азаматтардың мазасын алған. Бұдан бұрын да азамат осындай әрекеті үшін жауапқа тартылған болатын.
None
None

Алайда бұдан сабақ алмаған ол қайта әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берген.

 «Құқық бұзушылық іс-әрекеті ҚР ӘҚтК 449-бабы 2-бөлімі бойынша жіктелді. Ол әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде сол бұзушылықты қайта жасап отыр. Сотта заң бұзушы өз айыбын мойындады. Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты  оған 1 тәулік мерзімге тұтқындау түрінде әкімшілік жаза тағайындады», - дедлінген Астана қаласы соты баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қаулы заңды күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар