Астана әуежайында ауа райының қолайсыздығынан ұшақтардың ұшу кестесі кейінге шегерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әуежайындағы бірнеше рейстердің ұшу уақыты кейінге шегерілді. Бұл жөнінде Астана әуежайынан хабарлады, деп жазады 24.kz.

Астана әуежайында ауа райының қолайсыздығынан ұшақтардың ұшу кестесі кейінге шегерілді

«Атап айтқанда, Павлодар (КС 316), Алматы(КС 851), Талдыкорган (JTU 6064), Атырау (DV 715), Алматы (KC 852) рейстері бойынша ұшақтардың ұшу уақыты кейінге шегерілді», делінген хабарламда.