Астана әуежайында балағаттап дөрекілік көрсеткені үшін ер адамды 100 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді

АСТАНА. 30 сәуір. ҚазАқпарат - 2013 жылғы 8 қаңтарда Астана әуежайында полиция қызметкерлері мас күйінде қоғамдық тәртіпті бұзып, жолаушылардың мазасын алғаны, балағаттап, дөрекілік көрсеткені үшін М.Т.Рысқалиевті ұстады.
None
None

Ұстау кезінде ол Астана әуежайында қызмет бабындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлерін жұрттың көзінше балағаттап, дөрекілік танытқан.

Астана қаласы Есіл аудандық №2 сотының 2013 жылғы 20 наурыздағы үкімімен М.Рысқалиев ҚР ҚК 1-бөлімі 320-бабында көзделген қылмыс жасағаны үшін айыпты деп танылып, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Сот үкімі заңды күшіне енді, оған қарсылық білдірілген жоқ», - делінген Астана авиация көлігі прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар