Астана әуежайында көлік тұрағының тарифтері арзандады
Белгілі болғандай, Р-3 ақысыз тұрақ уақытша жабылып, ол автокөлік қоятын басқа аймаққа қарай көшірілмек.
«Әуежай аумағында жұмыс істейтін қызметтер мен ұйымдар қызметкерлеріне, сондай-ақ әуежай персоналына қолайлы жағдай жасау мақсатында, ақысыз Р-3 тұрағы құрылыс жұмыстарына байланысты жабылады. Осы орайда бұл автокөлік қоятын орын екіге бөлініп, қызметтік тұрақ жасақталатын болады. Сонымен бірге қала тұрғындары мен қонақтарына арналған тегін автотұрақ P-5, P-6, P-7 және P-8 аймақтарына көшіреледі», - деп атап өтілген Astana LRT-ның Facebook-тегі мәліметінде.
Бұдан бөлек, көліктерді қойған үшін жасалатын төлем тарифтері де өзгерді.
«Бүгінде қолданыстағы тарифке талдау жасай отырып, сонымен қатар жобаның барлық қаржылық құрамдауышын қайта қарау нәтижесінде Р-1 тұрақ аймағында тарифтерді өзгерту бойынша әуежай басшылығымен төлем құнын төмендетуге уағдаластық. Мұнымен қоса, Астанадағы халықаралық әйуежайындағы автокөлік қоятын кеңістікті басқаруда түбегейлі өзгерістер жасалады. Енді Р-1 тұрағына қысқа мерзімге ғана емес, сонымен қатар ұзақ уақытқа да көлік қоюға болады. Сондықтан биылғы 1 қазаннан бастап төмендетілген жаңа тарифтер іске қосылады», - делінген хабарламада.
Жаңа тарифтік кестеге сәйкес, Р-1 автотұрағы үшін төлем мына деңгейде бекітілді:
- алғашқы 30 минут ақысыз болады;
- 30-дан толық 1 сағатқа дейін - 300 теңге;
- 1 сағаттан екі сағатқа дейін - 400 теңге;
- 2 сағаттан 3 сағатқа дейін - 600 теңге;
- 3 сағаттан 24 сағатқа дейін - 2 500 теңге (көлік 4 сағат тұрса да, бір тәуліктің тарифі төленеді)
- өткен әр тәулік үшін - 2 500 теңге.