Астана әуежайында лаңкестік пен экстремизмге қарсы әрекет ету мәселелері бойынша ведомстваралық кеңес өтті
АСТАНА. 12 тамыз. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Жақында Астана авиация көлік прокуратурасы астаналық әуежайда лаңкестік пен экстремизмге қарсы әрекет ету мәселелері бойынша ведомстваралық кеңес ұйымдастырды.
Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметінен хабарланды.
«Ведомствоаралық кеңес жұмысына құқық қорғау органдарының, Астана қаласы әуежайы басшылары, ұлттық авиакомпания өкілдері қатысты. Кеңеске қатысушылар лаңкестікке және экстремизмге қарсы әрекет етудің проблемаларын және оларды шешу жолдарын талқылады, мүдделі тараптар өзара жедел хабардар ету және өзара әрекет туралы келісімге келді. Сондай-ақ әуежайдың авиациялық қауіпсіздігінің өзекті мәселелері қозғалды, оларды жою бойынша ұсыныстар айтылды», - делінген баспасөз баянында.