Астана әуежайында шетелге ірі көлемде ақша өткізбек болған қазақстандықтар ұсталды

АСТАНА. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері Астана қаласының Халықаралық әуежайында «Астана - Франкфурт» бағатында ұшпақ болған С. және А. деген Қазақстан азаматтарынан 20 мың 620 еуро сомасында шетел валютасын тәркіледі,

Астана әуежайында шетелге ірі көлемде ақша өткізбек болған қазақстандықтар ұсталды

деп хабарлайды ҚазАқпарат департаменттің баспасөз қызметі сілтеме жасап.

Кедендік ресімдеу кезінде аталмыш азаматтар әрқайсысында тек 6 800 еуро ғана бар екенін мәлімдеген. Алайда, декларацияланған 13 600 еуродан басқа А. деген азаматшаның сөмкесінде кедендік бақылаудан жасырылған 20 мың 620 еуро шетел валютасы анықталған.

ҚР Ұлттық банкінің курсы бойынша декларациядан өткізілмеген қаржының көлемі 4 310 404 теңгені құрады.