08:47, 01 Сәуір 2015 | GMT +5
Астана әуежайында тұман салдарынан 9 әуе рейсі кешіктірілуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласындағы халықаралық әуежайда 9 әуе рейсі тұман салдарынан кешіктіріліп жатыр. Бұл туралы «ҚазАқпаратқа» оның анықтама бөлімінен хабарлады.

Атап өткенде, Мәскеу, Алматы (2 рейс), Шымкент, Талдықорған, Омбы, Үрімші (2) және Ақтау қалаларына ұшуы тиіс рейстер кешіктіріліп отыр.
Әуежайдың анықтама бөлімінде кешіктірілген әуе рейстерінің ұшуы қашан қалпына келтірілетіні туралы ақпарат әзірге берілмеді.