Астана әуежайының қызметкерлері Головкинмен орын алған жайтқа байланысты тәртіптік жазаға тартылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана халықаралық әуежайының маркетинг және қоғаммен байланыс қызметі жуырда орын алған Геннадий Головкинмен байланысты оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады.
None
None

«2015 жылы 24 шілдеде Люфтганза әуе компаниясының рейсімен Франкфурттан Астана әуежайына қазақстандық боксшы Геннадий Головкин ұшып келді. Оған дейін әуежайға телефон бойынша алдын ала төлемсіз Г.Головкинге ВИП зал арқылы қызмет көрсету туралы өтініш келіп түскен.

Қызмет көрсету бойынша нұсқауға сәйкес ВИП залда жолаушыларға қызмет көрсету ақылы. Төлемді ұшып келгенге дейінгі уақытта жасау керек. Жеңілдік арқылы қызмет көрсетілетін ҚР және шетел лауазымды тұлғаларынан бөлек басқа тұлғалар төлем төлеуі тиіс. Әуежай тарапынан оның агенті төлем туралы фактіні тексермей, қонаққа ВИП залда қызмет көрсетуде ағаттық жіберді. Өтініш білдірудің алдын ала төлем жасамауы мен агенттің қателігі келеңсіз жағдайға әкеліп соқты. ВИП залда жолаушыларға қызмет көрсететін әуежай қызметкерлері жолаушыларға қызмет көрсету бойынша басшылық талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік жазаға тартылды. «Астана халықаралық әуежайының әкімшілігі бұл оқиғаға байланысты Г.Головкиннен кешірім сұрады», - делінген елорда әуежайының баспасөз қызметінің хабарламада. Еске сала кетейік, «Астана» халықаралық әуежайының қызметкері Геннадий Головкинді VIP-зал арқылы өткізбей, жолаушылар мен Геннадийді күтіп алушылардың алдында жанжал шығарған. Ол «Геннадий ақша төлемей зал арқылы өтуге құқығы жоқ, себебі ол шенеунік, не шенеунік отбасынан емес» деген. Бұл Қазақстанның беделін шетелде көтеріп жүрген Головкиннің айналасындағы адамдардың наразылығын тудырған.

Соңғы жаңалықтар