15:36, 20 Тамыз 2010 | GMT +5
Астана әуежайының жабылуына орай белгіленген сағаттарында рейстер кестесіне өзгерістер енгізіледі - «Эйр Астана»
АСТАНА. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат - «Эйр Астана» әуекомпаниясы тамыздың 18-і мен 30-ы аралығында кейбір күндерде, белгіленген сағаттарда Конституция күніне әскери шерудің дайындалуына орай Астана қаласындағы Халықаралық әуежайдың жабылуына байланысты Астанаға келетін және Астанадан ұшатын рейстер кестесінде өзгерістер болатыны туралы ақпарат таратты.

Астанадағы әуежайдың жабылу күндері мен уақыты туралы ақпаратты өкілетті мемлекеттік ведомстволар таратады. Ұшып кету және ұшып келу туралы жедел ақпарат алу үшін Брондау және ақпарат орталығының +7 (727) 244 44 77 телефонына хабарласу арқылы немесе әуекомпания сайтындағы Ұшып келу/Ұшып кету мәзірінен білуге болады.