Астана әуежайының жаңа терминалы 2017 жылы салынып бiтедi

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әуежайының жаңа терминалы 2017 жылы салынып бiтедi.

Астана әуежайының жаңа терминалы 2017 жылы салынып бiтедi

Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнiң баспасөз мәслихатында "Қазақстан темiр жолы" ҰК" АҚ вице-президентi Роман Скляр мәлiм еттi.

Оның айтуынша, елорда әуежайының жаңа терминалы мен ұшу жолағының құрылысы Ұлттық қордан, Еуропаның Қайта құру және даму банкiнiң қарызы мен ҚТЖ-ның қаржысы есебiнен жүргiзiлуде.

"Қазiргi уақытта Қазәуенавигация әуежайының ескi ғимараты толық бұзылды, инженерлiк коммуникацияларды шығару жұмыстары атқарылуда. Терминал астын қазу жұмыстары басталды. Жаңа перронның құрылысы жанданды. Жаңа терминалдың сыртқы бетон қаңқасы салынды, сыртқы инженерлiк жұмыстар аяқталды. Келесi жылы жолаушылар терминалының сыртқы және iшкi жөндеу жұмыстары басталады. Сонымен қатар ұшу-қону жолағы да толығымен жаңартылады. Астана әуежайын жаңғырту жұмыстары толығымен бiрiншi тоқсанда, яғни 2017 жылдың наурызында аяқталады", - дедi Р. Скляр.