Астана аумағында терроризмді насихаттағаны үшін екі адам сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана аумағында терроризмді насихаттағаны үшін 2 азамат сотталды, деп хабарлайды қалалық прокуратураның баспасөз қызметінен.

Астана аумағында терроризмді насихаттағаны үшін екі адам сотталды

«2015 жылдың шілдесі мен тамызы аралығында шетелдегі «такфир» және «қарулы джихад» радикалды діни идеяларының жақтастары А. және Г. есімді азаматтар бірлесіп, өздерінің заңға қайшы әрекеттерімен қоғамға қауіп төндіретінін біле тұра, Астана қаласының аумағында радикалды діни ағымды насихаттап, «кафирлерге» қарсы іс-әрекеттер жасау үшін азаматтарды «Ислам мемлекеті» халықаралық террористік ұйымының қатарына қосылуға шақырған», делінген хабарламада.

Бұл факті 26.08.2015 ж. Астана қаласы ҰҚКД-нің СДТБТ-не Қазақстан Республикасының ҚК 256-бабының 2-бөлімі, 258-бабының 1-бөлімі бойынша тіркелді. 25.09.2015 ж. ҚР ҚК 256-бабының 2-бөлімі, 258-бабының 1-бөлімі бойынша айыптау актісімен А. және Г. есімді азаматтарға қатысты қылмыстық іс қабылданған шешімнің заңдылығын тексеру және сотқа жіберу үшін Астана қаласының прокуратурасына келіп түсті. Қала прокуратурасымен зерделеудің нәтижесі бойынша айыптау актісі бекітілді және 30 қыркүйекте аталған азаматтарды айыптауға қатысты қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Сарыарқа аудандық №2 cотына жолданды. 9 қараша күні Астана қаласының Сарыарқа аудандық №2 сотының үкімімен А. және Г. мүлікін тәркілеумен жазасын жалпы режімдегі түзеу колониясында өтеумен 5 жылға бас бостандықтарынан айырылды.