Астана ауруханасында сәби жұмбақ жағдайда көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының № 1 балалар ауруханасында бала көз жұмды. Оқиғаның болғанын ҚазАқпарат тілшісіне қалалық Денсаулық сақтау басқармасынан растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Аталған жағдай бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Медициналық пресоналдың түсініктері мен көз жұмған баланың туыстарының түсініктері тексерілуде», - деді ведомствоның баспасөз қызметінен.

Ал Facebook-тегі «Астана хочу похвалить/пожаловаться» атты топта баланың әпкесі Жанар Муталиева бауырының ауруханаға суық тиіп түскені туралы айтқан. Оның айтуынша, дәрігерлер бір ай бойы баланы дұрыс емдемеген.

Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров қайғылы оқиғаның себептерін анықтауға уәде берді.

«Дәрігерлер баланы аман сақтап қалу үшін қолынан келгенінің барлығын жасағанына сенімдімін. Күн сайын аталған клиникада ауыр диагнозбен келетін ондаған баланы аман құтқарып алып жатыр. Алдын ала тұжырым жасамай, барлық сараптама қорытындысын күтуді сұраймын», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар