Астана автобустары жаңажылдық мереке кезінде қалай жүреді
City Transportation Systems таратқан мәліметке сенсек, Астанада мереке күндері автобус қозғалысының кестесі әдеттегіден өзгеше болады, деп хабарлайды Kazinform.
Мереке күндеріндегі елорда қоғамдық көлігінің жұмыс кестесі:
30-31 желтоқсан — автобустар демалыс күнінің кестесі бойынша (06:00 — 23:00);
1 қаңтар — таңғы сағат 06:00-ден 10:00-ге дейін автобустардың 50% шығады, 10:00-ден 23:00-ге дейін кесте бойынша толық жүреді;
2 қаңтар — сенбі күнінің кестесі бойынша (06:00 — 23:00);
3-12 қаңтар аралығында қалалық қоғамдық көліктің жұмысы сенбілік кесте бойынша;
3 қаңтардан бастап қала маңы бағдарлары бекітілген кестемен (апта күніне сәйкес) жүреді.
«Сапарларыңызды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұраймыз» дейді компаниядан.