Астана автобустарында күніне шамамен 120 «қоян» жазаға тартылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана LRT» қалалық автобустардағы билетсіз жолаушыларды анықтау статистикасы жөнінде баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана автобустарында күніне шамамен 120 «қоян» жазаға тартылады

«Жолақы төлеуден жалтаратын жолаушылармен күрес күн сайын жүргізіледі. Көліктік бақылау департаментінің менеджерлері мен жергілікті полиция қызметі күн сайын шамамен 120 «қоянды» анықтайды, әкімшілік хаттамалар толтырып, 2 АЕК (4 810 теңге) көлемінде айыппұлдар тағайындайды», - деп жазды Астана LRT компаниясының ресми өкілі Науат Азанбаева әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның айтуынша, дифференциалды тариф енгізілген соң, максималды жолаушылар ағыны 650 000 жол жүруге дейін жеткен және жолаушылардың шамамен 91%-ті көлік картасы арқылы төлеген.