Астана автобустарында жолақы қымбаттай ма

АСТАНА. ҚазАқпарат – Елорда әкімдігі қалалық автобустардағы жол ақысын өсіру мәселесін қарастырған жоқ. Бұл туралы Астана қаласының коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астана автобустарында жолақы қымбаттай ма

«Қазіргі кезде Астанадағы автобустарда жол ақысын көтеру мәселесі қарастырылып жатқан жоқ», - деді «№1 Автобус паркi» АҚ басқарма төрағасы Медет Шақаев тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұған дейін қалаға 400-ге жуық автобус жетіспейтіні хабарланған еді.

Елордада автобустар қозғалысының уақыт аралығы 10-20 минуттан 8-10 минутқа дейін қысқартылмақ.

Астанада жолаушылардың тек жартысы жол ақысын төлемей жүретіні белгілі болды.

Экспресс автобустар неліктен қатынамай кеткені де айтылды.