"Астана" аяқдопшылары кишиневтік "Академия УТМ" командасымен күш сынасады

Олардың бұл жолғы қарсыласы Молдованың Киштинев қаласының "Академия УТМ" командасы болмақ. Ұлттық дивизионында өнер көрсететін кишиневтіктер 2012/2013 жылғы маусымда үздік бестіктің қатарында келе жатыр. Астаналықтардың баспасөз қызметінің хабарлауынша, олардың қарсыласының құрамында қазақстандықтарға, әсіресе қызылордалықтарға жақсы таныс екі аяқдопшы бар. Олар бұрын Қызылорданың "Қайсар" командасында ойнаған қорғаушы Адриан Кашкавал мен Тараз қаласының "Тараз" және Қостанайдың "Тобыл" командаларында да өз бағын сынап үлгерген Дмитрий Богдан. Жалпы кишиневтіктер өткен жылы да қысқы маусымаралық үзіліс кезінде астаналықтармен спаррингтік кездесу өткізіп, 3:1 есебімен басым түскен болатын.
«Астана» футбол командасы алғашқы бақылау матчында бұған дейін Украина Премьер-лигасында өнер көрсететін Полтава қаласының «Ворскла» командасына 0:3 есебімен ұтылған болатын. Жалпы 12 ақпанда басталған бұл жиын 23 ақпанға дейін созылмақ.