Астана аялдамаларында автобустың келу уақытын көрсететін таблолар өшірілді
АСТАНА. KAZINFORM - 5 наурыздан бастап жол ақысын төлеудің жаңа жүйесіне көшуге және диспетчерлеуді жаңғыртуға байланысты елорда аялдамаларында ақпараттық таблолар жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды City Transportation Systems.
Аялдамадағы ақпараттық тақталар уақытша өшірілген.
Сервистік қызмет көрсету аяқталғаннан кейін ақпараттық таблоның жұмысы қайта басталады.
«Естеріңізге сала кетейік, Аvtobys, 2 GIS және Яндекс Карта қосымшаларында маршруттар қозғалысы туралы ақпаратты бақылай аласыз» деп еске салады компаниядан.