Астана аялдамаларында жаңа карта-сызбалар орнатылады

АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Таяу уақытта Астана қаласының аялдамаларында тұрғындар мен қонақтарға қала ішінде бағыт-бағдар беретін карта-сызбалар орнатылады. Бұл туралы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан хабарлады.

Астана аялдамаларында жаңа карта-сызбалар орнатылады

Елорданың ресми сайтының жазуынша, 1 ақпаннан бастап жаңа карталар Астананың екі үлкен орталық көшелері Кенесары көшесі мен Сарыарқа даңғылынан бастап Республика даңғылына дейін және Республика даңғылында Абай көшесінен бастап «Самал» шағын ауданына дейінгі аялдамаларда орнатылады. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады. Басқармадан хабарланғанындай, жаңа карталардағы әрбір автобус бағдары түрлі түспен белгіленеді.

Бұл ретте тек белгілі бағытта жүретін автобус бағдарлары көрсетіледі. Бұл барар жерді жылдам анықтап алуға көмектеседі. Бұған қоса, карталардағы барлық жазулар мемлекеттік тілде ғана жазылады.