Астана аялдамасына нұқсан келтірген бұзақылар толық шығынды өтеуі мүмкін
14 қаңтар күні сағат 05.21-де Астана қалалық Полиция департаментінің Жедел бақылау орталығының операторлары Б. Момышұлы мен Қ. Сәтпаев көшелерінің қиылысындағы аялдамаға нұқсан келтірген белгісіз адамдарды байқады. Оқиға орнына келген полицейлер 1996 және 1997 жылы туған екі күдіктіні ұстады. Екеуі де алкогольді ішімдікке мас болған», - делінген Полиция депаратменті жіберген ресми хабарламада.
Аталған факт бойынша ҚР ӘҚБК 434-бабы (ұсақ бұзақылық) және 440-бабы (қоғамдық орындарда ішімдікке мас күйінде жүру) бойынша әкімшілік іс қозғалды. Әзірге келтірілген барлық шығынды Астана қаласының коммуналдық қызметіне өтеу мәселесі шешіліп жатыр.
Еске сала кетсек, 5 қаңтар күні жылы аялдама есігін сындырған бұзақы астаналықтардан кешірім сұраған болатын.