Астана аймақтық ЖІӨ үлесінде республика бойынша үшінші орында

АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат - Астана қаласы бойынша аймақтық жалпы ішкі өнім 2012 жылы 2 717 262,4 млн. теңгеге жетті.

Астана аймақтық ЖІӨ үлесінде республика бойынша  үшінші орында

Бұл туралы astana.kz сайтынан хабарланды.

Қалалық статистика басқармасының мәліметі бойынша, Астананың аймақтық ішкі жалпы өнімінің үлесі республика көлемінде 9 пайызды құрайды. Бұл Алматы қаласы (18,7%) және Атырау облысынан (10,3%) кейінгі үшінші орындағы көрсеткіш. «Салалық құрылымдарда аймақтық ішкі өнімнің өндірістегі үлесі 3,6 пайыз, көлік пен қойма шаруашылығында - 9,2 пайыз, құрылыста - 10,3 пайыз, жылжымайтын мүліктерді рәсімдеу - 13,4 пайыз, көтерме және бөлшек сауда, автомобильдер жөндеу - 25,9 пайыз, басқа да қызметтер 37,6 пайызды құрады», - делінген хабарламада.

Бұл ретте аймақтық жалпы ішкі өнім жан басына шаққанда елордада 3 573 мың теңгеге жеткен. Бұл республика өңірлері бойынша үшінші орын. Астанадан тек Атырау облысы (5 655,4 мың теңге) мен Алматы қаласы (3 856,1 мың теңге) ғана озып тұр.