«Астана» Азияның үздік футбол клубын шаң қаптырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» БАӘ-дегі жиын барысында жолдастық кездесу өткізіп, Кореяның «Чонбук Хёндэ» клубының мүшелерімен кездесті, деп жазады Sports.kz.
Станимир Стойловтың командасына пенальтиден жедел гол салудың мүмкіндігі туды. Оны қақпаға Азат Нұрғалиев дәл бағыттады. Үзілістен соң есепті Серікжан Мұжықов еселей түсті. Қорытынды допты қарсыластар қақпасына Дидар Жалмұқан соқты. Есеп 3:0. «Астана» жеңіске жетті.
«Астана» клубының құрамында: Эрич, Аничич, Нұрғалиев, Мұжықов, Лулаку, Твумаси, Шитов, Шомко, Маевский, Постников, Мұртазаев сынды спортшылар бар.
Айта кететін мәселе - «Чонбук Хёндэ» Азия чемпиондар лигасының жеңімпазы болып табылады.