Астана банкіне 28 қыркүйекке дейін жекелеген азаматтармен келісім жасауға тыйым салынды

«Қазіргі таңда банк өтімділікті талапқа сай қамтамасыз ету бағытындағы қиындықтарды бастан өткеруде. Банк төлемдер мен ақша аудару операциялары бойынша келісімдерді талапқа сай орындай алмай отыр, яғни осы әрекеттері арқылы банк ҚР заңнамаларын жүйелі түрде бұзып отыр. Осыған байланысты Ұлттық банк «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңының 48 бабы, 1 бөлігінің в) тармақшасында қарастырылған талаптарды бұзуына байланысты тиісті шаралар қолданды.
Сонымен қатар банктің салымшылары алдындағы міндеттемелерін орындау мерзімін созып жібермеу үшін Ұлттық банк тарапынан шектеу шарасы қолданылды. Нақтырақ айтқанда, банкке 2018 жылдың 28 қыркүйегіне дейін банк есебі бойынша жекелеген тұлғалармен жаңа келісімдер жасамау туралы талап қойылды. Ұлттық банк тарапынан қолданылуы тиіс өзге шаралар қолданыстағы заңнамада көрсетілген талаптар негізінде жүзеге асырылады.
«Қосымша айтарымыз Астана банкі депозиттерді міндетті кепілдендіру жүйесінің қатысушысы болып табылады. Ал бұл жүйенің басты мақсаты қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және қатысушы банктің жұмысын мәжбүрлі түрде тоқтатқан жағдайда депозит салымшыларына кепілді өтемақы төлеу арқылы банк жүйесіне деген көпшіліктің сенімін сақтап қалу болып табылады. Ал өтемақы төлеу тәртібіне қатысты мәліметтерді Сіздер «Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру қорының» сайтындағы (www.kdif.kz) Салымшыларға/өтініш (Вкладчикам/Заявления) атты бөліміндегі өтемақы төлеу бөлімінен біле аласыздар.