«Астана» баскетбол клубы 2011/12 маусымында

АСТАНА. 30 наурыз. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - «Астана» баскетбол клубы 2011/12 маусымында Ресейдің "ВТБ Бірыңғай Лига" турнирінде ойнай бастайды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінен хабарлады.

«Астана» баскетбол клубы 2011/12 маусымында

28 наурызда Мәскеуде өткен "ВТБ Бірыңғай Лига" кеңесінің отырысында оның құрамына жаңа қатысушыларды қосу шешімі қабылданды. Кеңес отырысында сөз алған "ВТБ Бірыңғай Лигасының" жаңадан сайланған президенті, Ресей Федерациясының вице-премьері Сергей Ивановтың айтуынша, турнирдің 2011/12 маусымында алғаш рет ресейлік «Локомотив-Кубань» (Краснодар), «Спартак» (Санкт Петербор), чехиялық «Нимбурк» және Қазақстанның «Астанасы» өнер көрсететін болды.

«Астана» БК-ның негізгі құрамы елдің мықты командасы «Астана жолбарыстарының» ойыншыларынан жасақталатын болады. Клубың жаттықтырушысы, «Жолбарыстардың» қазіргі бапкері Виталий Стребков болмақ. Бас бапкерді іздестіру үстіндеміз», - деп анықтады «Астана» БК-ның директоры, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері Валерий Тихоненко.

Жеребе салу, Еуролигаға жеребе өткеннен кейін, жобалау бойынша, маусым айының соңында өтеді.

Еске салайық, осы күндері өтіп жатқан Ұлттық чемпионатта «Астана жолбарыстарының» ерлер командасы плей-оффқа шықты. Елордалық баскетболшылар жетінші рет Қазақстанның чемпионы атағын иеленудің сәл-ақ алдында тұр. Баскетбол маусымы аяқталғаннан кейін құрама «Астана» БК атынан ойнайтын болады.